Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Кәсіби рестлер маңдаймен шеге қағудан рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі минутта маңдайымен 38 шеге қағып үлгерген кәсіби рестлер Джон Ферраро Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы UPI агенттігі хабарлады.

 Кәсіби рестлер маңдаймен шеге қағудан рекорд орнатты

Спортшы  италиялық Lo Show Dei Record шоуында рекорд орнатты. 10 ақпан күні Guinness World Records жариялаған видеода оның маңдайын арнайы төсеммен қорғап, ағаш тақтайшаға шеге қаққаны түсірілген.

Бұған дейін Ферраро бір минутта маңдаймен ең көп шеге қағу (13) бойынша тағы екі рекорд орнатқан болатын.