Кәсіби спортта мельдонийге түбегейлі тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап, кәсіби спортшылардың допинг-сынамаларында мельдонийдің болуына түбегейлі тыйым салатын заң күшіне енді. Осы кезден бастап, егер қандай да бір спортшының қанынан мельдонийдің белгілері табылатын болса, ол WADA талаптары бойынша спорттан шеттетіледі, деп хабарлайды Вести.ру.

Кәсіби спортта мельдонийге түбегейлі тыйым салынды

Тыйым салынған препараттардың қатарына мельдоний биылғы жылдың қаңтар айынын бастап енгізілген болатын. Кешірек допинге қарсы күрес агенттігі өтпелі кезеңді белгіледі. Оған сәйкес, 3 айдың көлемінде спортшыларға сынамада мельдонийдің болуына рұқсат етілді. Алайда, бұл жерде екі шарт бар.

Біріншіден, аталған заттың мөлшері сынамада 1 милилитрге 1 микрограмнан аспауы керек. Екіншіден, спортшының оны 1-қаңтардан кейін пайдаланылғаны дәлелденуі керек.

Әзірге бұны теннисші Мария Шараповаға ғана дәлелдеудің мүмкіндігі туды. Ол Рио Олимпиадасына бара алмай қалды.