Кәсіби-техникалық білім беруді дамыту үшін «Кәсіпқор» холдингі құрылады

АНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Кәсіби-техникалық білім беруді дамыту үшін «Кәсіпқор» холдингі құрылады. Бұл туралы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтты.
None
None

«Кәсіби-техникалық білім беруді дамыту үшін «Кәсіпқор» холдингін құру шешімін қабылдадым», - деп жазды Twitter-ге К.Мәсімов.

Еске салайық, Қазақстанда 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Оның мақсаты білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қол жетімдікті қамтамасыз ете отырып адами капиталды дамыту болып табылады.

Соңғы жаңалықтар