«Кәсібіңе басымды ием» ұранымен Медицина қызметкері күні аталып өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен кәсіби біліктілігінің мүмкіндіктерін алып отырады. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үмітімізді жалғап сыздаған балтырымыз жазылады.
Медицина қызметкерлерінің үздік тәжирибесі, озат кәсіптілігі, терең білімдері мен асқан шеберлігі, оларға тән адамның өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігі барлық өзгерістер мен қоғамның тұрақты дамуының кепілі.
18 маусым күні Қазақстанда Медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Осы орайда, біз еліміздің барлық медицина қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында 2016 жылы кезең-кезеңмен «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізгенімізді айта кету керек.
Статистикаға сүйенетеін болсақ, күн сайын жарты миллионнан астам қазақстандықтар дәрігерлерге жүгініп, 8 мыңға жуық пациент түрлі стационарларда емделеді. Оған қоса, күнделікті 1100-ден астам әйел сәбилі болып, ана аталады. Ал хирург мамандар болса, күніне 2 мың 200-ден астам пациентке операциялар жасайды. Сондай-ақ, күн сайын жедел жәрдем 20 мың 700 реттен астам науқастардың шақыруларына барады.
Мемлекеттің басты байлығы адам десек, әрбіріміздің аман-саулығымызды бақылайтын ол әрине, ақ халатты абзал жандар.
Бүгінгі таңда еліміздің денсаулық жағынан және өмір сүру ұзақтығы тарапынан көрсеткіштер еліміз егемендігін алған алғашқы он жылға қарағанда жақсы. Нақтырақ айтсақ, республика аумағында кейінгі он жылда өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жетті. Ана өлімі 10 жылда 3,2 есе азайды. Сәби өлімі 2016 жылы туған 1000 балаға 8,6 құрады. Жүрек-қантамыры ауруларымен науқастану мен өлімі төмендеді. 2015 жылмен салыстырғанда қатерлі ісік ауруларымен науқастану мен өлімі азайды. Он жылда жарақат пен ұланудан өлім екі есе төмендеді. 22 инфекциялық ауруларымен науқастану да азайды. Қорыта айтқанда, өмір сүру ұзақтығы, халық денсаулығының индексі, халықтың медициналық көмектің сапасына қанағаттанушылық деңгейі сияқты негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің жақсарғанын көруге болады. Бұл сандар медицина қызметкерлерінің ерең еңбегінің және жүздеген, мыңдаған құтқарылған өмірлердің айғағы.
Бүгінгі таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Халыққа Жолдауынан еліміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсаты тұрғандығы барлығымызға айқын. Атап кетерлігі, дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру міндетін шешу үшін республикамызда барлық жағдайлар бар. Дегенмен, денсаулық сақтау саласын жаңа сапалы деңгейге шығару үшін әрбір медицина қызметкері өз жұмыс орнында осыған барынша өзінің еңбегі мен білімін салғаны абзал.
Медицина қызметкерлер күніне арналған негізгі салтанатты іс-шара 16 маусымда Астана Операда өтті. Онда «Үздік дәрігер», «Үздік ауыл дәрігері», «Үздік провизор», «Үздік техникалық кәсіби білімі бар медицина қызметкері», «Үздік менеджер - денсаулық сақтаудың ұйымдастырушысы», «Үздік медициналық ЖОО оқытушысы», «Санитариялық-эпидемиологиялық саласының үздік дәрігері», «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы» сияқты номинациялар бойынша атақтар берілді.
Айта кетейік, еліміздің медицина ұйымдарында 65 822 дәрігер, 158 741 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.