Қасиетті Қағба 4 қабат матафпен қоршалмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қасиетті Меккедегі Қағба қыркүйек айының басына дейін 4 қабат айналма матафпен (қажылар Қағбаны айналу кезінде жүретін кеңістік) қоршалатын болады.
None
None

Қасиетті қос мешіт ісі жөніндегі бас президенттіктегі жоба менеджері Сұлтан әл-Құраши қазіргі уақытта құрылыстың 3 қабаты салынып біткенін хабарлады. Ол 76 000 текше метр жерді алып жатыр. Әл-Құраши әл-Харам мешіті сағатына 114 000 адамды қабылдай алатынын да атап өтті. Барлық құрылыс жұмыстары қажылардың құлшылық рәсімдерін орындауына кедергі келтірмес үшін 9 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс. Кеңейту жұмыстары 14 қазанда қайта жаңғыртыла бастайды, деп хабарлайды «Нұр Астана» порталы.

Соңғы жаңалықтар