Қасиетті Қағбаны қажылыққа дайындау жұмыстары жүріп жатыр
АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қажылық қарсаңында қасиетті Қағбаның кисуағын әдеттегіше Шазирваннан бастап (ақ мәрмәрдан қаланған Қағбаның төменгі бөлігі осылай аталады) 3,5 метрге көтерді, деп жазады muslim.kz.
Осының өзі ықияттылықты қажет ететін, қажылық қарсаңында жүзеге асырылатын үлкен рәсім екенін айта кетуіміз керек.
Жабуды көтергеннен кейін оның үстіңгі бөлігін мақтадан тоқылған ақ сейсеппен көмкереді.
«Қажылар қолымен жанасып қана қоймай, тәбәрік алып қалуға тырысады. Қағбаға зақым келтірмеу мақсатында осындай жұмыстар жүргізіледі», - деді кисуа әзірлейтін кәсіпорынның директоры Мұхаммед Бажужа.
Биыл қажылық маусымы қазан айының екіінші жартысында басталатынын айта кету керек.