Қасиетті Рамазан айында БАӘ-де ауа температурасы 50 градусқа жетті

ӘБУ-ДАБИ. 12 шілде. ҚазАқпарат - Осы күндері Біріккен Араб Әмірліктерінде ауа температурасы Цельсий бойынша елу градусқа дейін көтеріліп отыр.

Қасиетті Рамазан айында БАӘ-де ауа температурасы 50 градусқа жетті

Жергілікті синоптиктердің айтуынша, Әмірліктер үшін мұндай ыстық әдеттегіден тыс құбылыс емес және әлі де бірнеше күн бойы жалғасуы мүмкін.

«Ыстық толқыны» БАӘ-ге мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы басталуына бір күн қалғанда келген. Мұсылмандар соңғы отыз екі жыл ішінде алғаш рет он бес сағатқа ауыз бекітіп, ораза ұстайды, деп жазады жергілікті БАҚ.