09:40, 09 Шілде 2013 | GMT +5
Қасиетті Рамазан айының шарапаты Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін нығайтуға септігін тигізсін - Қ.Лама Шариф
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Қазақстанның барша мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының келуімен және Оразаның басталуымен құттықтады.
«Оразалымен оттас бол, имандымен жолдас бол» деген қазақ халқы Оразаның адам бойындағы мейірбандық, адамгершілік, достық пен қайырымдылық қасиеттерін нығайтып, ысырапшылдықтан сақтандырып, үнемшілдікке тәрбиелейтін ерекше әсерін бағалап, қастерлеген. Қасиетті айдың шарапаты Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін нығайтуға септігін тигізсін», - делінген онда.