Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Өзбекстан Президентімен бейресми кездесу өткізеді

Мириеев
Фото: akorda.kz

АСТАНА. КАZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың ауқымды мәселелерін, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шымкент–Самара» тас жолында болған жол апатынан өзбекстандық сегіз азаматтың қаза табуына байланысты Президент Шавкат Мирзиёевке көңіл айтқанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар