Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады

АСТАНА. KAZINFORM - 22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады.

Ақорда
Фото: Ағибай Аяпбергенов/Kazinform

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Газа бойынша Бейбітшілік кеңесі құрылатынын мәлімдеген болатын.

Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуды ұсынды.

«Бейбітшілік кеңесі» жарғысына Давоста 22 қаңтар күні қол қойылатынын хабарладық.