Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарадағы Президент кешенінің Көрме орталығына барды
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитіне қатысу үшін Анкарадағы Президент кешенінің Көрме орталығына барды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысушы делегация басшылары бірге суретке түсті.
Бұған дейін ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалағанын жазған едік.