Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК-ні бірегей халықаралық форум деп атады

БАКУ. KAZINFORM — Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі. Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев диалогтың, сенімді нығайтудың және жан-жақты ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде АӨСШК әлеуетін кеңейтуге бағытталған Әзербайжан тарапының белсенді төрағалығын оң бағалады.

а
Фото: Ақорда

— Қазақстан үшін Кеңестің маңызы ерекше. Еліміз отыз жылдан аса уақыт бұрын кең байтақ өңірде өзара сенімді арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізу мақсатында осы форумды құру жөнінде бастама көтерген болатын. Содан бері АӨСШК өзара тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мүше мемлекеттерді ортақ іске жұмылдырып келеді. Бастапқыда Азиядағы қауіпсіздікті сақтап, сенімді нығайтуды көздейтін жалпыға ортақ тікелей диалог форматында құрылған бұл алаң бүгінде бірегей форумға айналды. Ұйымға мүше елдер Азия құрлығының шамамен 90 пайызын қамтиды. Мұнда Жер шары тұрғындарының жартысынан астамы өмір сүреді. Халықаралық институттардың көбінде мұндай әлеует жоқ, — деді Мемлекет басшысы.

Казахстан предложил создать партнерство СВМДА в сфере человеческого капитала
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл форматтың ауқымы АӨСШК-нің зор әлеуетін танытатынын, ал ортақ болашақ құруға ұмтылған жалынды жастар оның қозғаушы күші саналатынын айтты.

Азияға анағұрлым мықты институттар қажет - Президент
Фото: Ақорда

— Қауіпсіз әрі гүлденген Азия құруға деген шынайы ниетімізді көрсететін АӨСШК рухы шын мәнінде белгілі брендке айналды. Бүгін Лаостың осы Ұйымға мүше болғанына қуаныштымын, — деді ол.

Касым-Жомарт Токаев призвал укрепить систему международной безопасности в Азии
Фото: Ақорда

Бұдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысып жатқанын жазғанбыз.