Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президентіне көңіл айтты

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы БАӘ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Фуджейра әмірлігінде болған жол-көлік апатында адамдардың қаза табуына байланысты шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға көңіл айтты.

Мемлекет басшысы қайтыс болған жандардың туған-туыстары мен бауырлас Біріккен Араб Әмірліктері халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, БАӘ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған Әмірліктердің Gulf News басылымының хабарлауынша, апат 12 қарашада түн ортасы шамасында болған. Оқиғадан он төрт адам қаза тауып, 30 адам жарақат алған. Жол апатында бес жүк көлігін қоса алғанда, 23 көлік соқтығысқан.