Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды.

а
Фото: Ақорда

Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Давостағы Конгресс орталығына барғанын хабарладық.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
Фото: Ақорда

Айта кетейік, АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуды ұсынды.

Осыған дейін Трамп Газа бойынша бейбітшілік кеңесі құрылатынын мәлімдеген болатын. 

Ал Кеңес жарғасына Давоста 22 қаңтар күні қол қойылатыны айтылды.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар