Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдады. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram арнасында жазды.

Президент жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды
Фото: Ақорда

Руслан Желдібайдың сөзінше, биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті.

— 2025 жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды. Ең бастысы, халықтың тұрмыс-тіршілігінде оң өзгерістер орын алды. Жаңа өндіріс орындары ашылып, қамба астыққа толды. Тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынып, көлік жолдары жаңартылды. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрді. Сондай-ақ Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдады, — деп жазды ҚР Президентінің көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барды
Фото: Ақорда

Осыған дейін бір жыл ішінде Мемлекет басшысы 23 рет шетелге шыққанын жазған едік. Оның ішінде Ресейге және Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. ҚХР, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапония секілді елдерге 5 ресми сапар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Президент шет мемлекеттердің үкімет басшыларымен, басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, халықаралық құрылымдар жетекшілерімен, іскерлік топ өкілдерімен және сарапшылармен 186 кездесу өткізді.

Соңғы жаңалықтар