Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады.

Ұлттық құрылтай
Фото: Ақорда

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.

Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары: 2022 жылы Ұлытауда,  2023 жылы Түркістанда,  2024 жылы Атырауда өтті.

Осыған дейін өткен Құрылтайларда қандай мәселелер көтерілгені туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар