Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға шақырды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті.

Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы сарапшылармен кездескен.

Соңғы жаңалықтар