Мемлекет басшысы Конго Президентін Алматыға шығарып салды
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоға құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Конго Республикасы Президентінің елімізге ресми сапары Алматы қаласында жалғасады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны Ақордада қарсы алған болатын.

Мемлекет басшысы Конго Республикасының Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді.

