Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасайды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасайды.
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
– Президенттің үндеуі сағат 19:00-де республикалық телеарналардан көрсетіледі, – деп жазды Айбек Смадияров өзінің ресми Telegram-арнасында.
Айта кетейік, 23 тамызда сайлау учаскелерінде онлайн тіркеу сервистері іске қосылады.