Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос президентін құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос Президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

ваывыфв
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулитті және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

 Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос елінің мемлекет іргесін нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.

Еске салсақ, бүгін Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға да құттықтау жеделхатын жолдады.

 

 

Соңғы жаңалықтар