15:30, 30 Сәуір 2025 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА. KAZINFORM – Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.
Сонымен қатар Президент бүгін медицина тарихында тұңғыш рет жасалған ота үшін хирургтерге алғыс айтқан еді.