Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады
АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласындағы жұмыс сапары аясында ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына келді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысушылар шара алдында суретке түсті.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдағанын жазған едік.