Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік БАҚ-тың міндетін атады

БАҚ
Фото: Pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде елдегі оң өзгерістердің БАҚ-та тиісті деңгейде жарық көрмей жатқанын сынға алды.

«Соңғы жылдары еліміздің барлық өңірінде тұрақты түрде жаңа кәсіпорындар ашылып, жаңа жолдар мен көпірлер салынып жатыр. Инженерлік желілер мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары жаңартылып жатыр. Бірақ көбіне мұндай жағымды ақпарат лайықты деңгейде таралмай жатады. Жақсыны жақсы деп айту керек. Ел дамуындағы оң өзгерістерге көбірек назар аудару бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, мемлекеттік БАҚ-тың міндеті деп санаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев биыл автожол саласында халық көптен ірі жобалар іске қосылатынын айтты.

«Бұл жобалар еліміздің көлік құрылымын нығайтып, іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етеді. Атап айтқанда, «Астана – Алматы», «Алматы – Өскемен», «Ақтөбе – Қандыағаш», «Атырау – Астрахань» жолдары пайдалануға беріледі. Сонымен қатар «Жезқазған – Қарағанды» магистралін жобалау жұмыстары басталады. Мұның бәрі – жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған ауқымды жобалардың бір бөлігі ғана», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар
telegram