One Water саммиті: Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ суретке түсу рәсіміне қатысты

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысушылармен бірге суретке түсу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысушылармен бірге суретке түсті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды. 

Халықаралық форум Қазақстан мен Францияның төрағалығымен, Сауд Арабиясы және Дүниежүзілік банк тобының қолдауымен өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммиті аясында Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті

Мемлекет басшысы еліміздің Дүниежүзілік банкпен стратегиялық серіктестігінің мәнін ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, бүгінде қаржы институтымен бірлесе су ресурстары, көлік және білім беру салаларында жалпы құны 3,5 миллиард доллар болатын бес ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің Көлік жолдарының орнықтылығы мен байланысын жетілдіру бағдарламасы (TRACE) шеңберінде атқарылатын қазақстандық жобаға 650 миллион доллар көлемінде қаржы бөлу туралы шешімін құптады. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Орта дәлізді дамытуға, атап айтқанда, Жезқазған — Қарағанды автомагистралінің құрылысына салынатын инвестицияның стратегиялық маңызына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысушылармен бірге суретке түсті
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммитіне қатысушылармен бірге суретке түсті
Фото: Ақорда
One Water саммиті: Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ суретке түсу рәсіміне қатысты
Фото: Ақорда
Соңғы жаңалықтар