Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде сот төрағалары мен судьяларды тағайындады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы еліміздің соттарында бірқатар тағайындау жасап, кей судьяларды қызметінен босатты.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Президент тиісті Жарлыққа 1 қазанда қол қойды.

Сот төрағасы болып тағайындалды:

· Абай облысы Жарма аудандық сотының төрағасы - Айгүл Сәдуақасова;

· Қостанай облысы Рудный қалалық сотының төрағасы - Шолпан Нақыпова. Ол осы өңірдегі Сарыкөл аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Судьялар болып тағайындалды:

Астана қаласы бойынша:

· азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотқа - Марал Сейітова. Ол Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының судьясы қызметінен босатылды;

· азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотқа - Хабиба Тілеубергенова. Ол Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатылды;

· қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа - Аделия Хасенова. Ол Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатылды;

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа - Гүлнәр Ажақаева. Ол Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатылды;

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа - Телжан Жүсіпов. Ол Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Алматы қаласы бойынша:

· мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына - Әсет Ақшолақов.

Шымкент қаласы бойынша:

· мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа - Жәнібек Аятов. Ол Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Абай облысы бойынша:

· Семей қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына - Жаннұр Ғалымова. Ол осы облыстағы Бесқарағай аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Ақтөбе облысы бойынша:

· Темір аудандық сотына - Наурызғали Мұханбедияров;

· қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа - Ертуған Бегалиев.

Алматы облысы бойынша:

· Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына - Руслан Бақтаев;

· Қарасай аудандық сотына - Марлен Жұмақанов;

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа - Гүлжан Азамат. Ол Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметінен босатылды.

Атырау облысы бойынша:

· қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа - Нұрхан Аманжолов.

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

· Орал қалалық сотына - Бауыржан Убин;

· Сырым аудандық сотына - Үмида Жетпісбаева.

Жетісу облысы бойынша:

· қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа - Сәуле Нұрғалиева. Ол осы облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Қарағанды облысы бойынша:

· Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу сотына - Исламхан Есенбаев. Ол Теміртау қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды;

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа - Данияр Тұрсынов. Ол Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Қызылорда облысы бойынша:

· Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына - Бибігүл Әбубәкірова. Ол Байқоңыр қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

· Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына - Михаил Гусев. Ол Петропавл қалалық сотының төрағасы қызметінен босатылды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

· мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа - Жанар Тасубаева. Ол Риддер қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды.

Қызметінен босатылды:

· Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың судьясы Нұрлан Өміртайұлы - отставкаға шығуына байланысты;

· Шымкент қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Гүлмира Қыдырбаева - өз қалауы бойынша. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды;

· Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қалдарбек Досымбет - отставкаға шығуына байланысты;

· Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тәтті Уәлиева - отставкаға шығуына байланысты;

· Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов - өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды;

· Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Рашид Нұрмағамбетов - өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды;

· Ұлытау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Шайкамалов - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Сот жюриінің шешімімен судья өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты;

· Алматы облыстық сотының судьясы Симузар Құрбанова - отставкаға шығуына байланысты;

· Ақтөбе облыстық сотының судьясы Мәлібай Қосымбетов - отставкаға шығуына байланысты;

· Атырау облыстық сотының судьясы Айгүл Тәшенова - отставкаға шығуына байланысты;

· Қарағанды облыстық сотының судьясы Ернар Тоқпанов - отставкаға шығуына байланысты;

· Ұлытау облыстық сотының судьясы Жакен Кенжин - отставкаға шығуына байланысты.

Астана қаласы бойынша:

· азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Жанна Салықбаева - отставкаға шығуына байланысты;

· мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы Әлия Кұсманова - отставкаға шығуына байланысты;

· қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Ақжол Жапарбек - өз қалауы бойынша.

Алматы қаласы бойынша:

· Алмалы аудандық сотының төрағасы Ардақ Ешеев - отставкаға шығуына байланысты;

· әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Рауза Әлиева - отставкаға шығуына байланысты;

· Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьясы Жанна Ақпаева - өз қалауы бойынша;

· Алатау аудандық сотының судьясы Дәурен Айқұлов - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Сот жюриінің шешімі бойынша.

Абай облысы бойынша:

· Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ескендір Шыныбаев — өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды.

Ақмола облысы бойынша:

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы Бауыржан Әлжанов - өз қалауы бойынша. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды.

Алматы облысы бойынша:

· Талғар аудандық сотының судьясы Хайдар Әбдіғұлов - өз қалауы бойынша;

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы Мэлс Ыдырысов - өз қалауы бойынша, судья өкілеттігі тоқтатылды.

Атырау облысы бойынша:

· Атырау қалалық сотының судьясы Айдарбек Дүйсебалиев - отставкаға шығуына байланысты.

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

· Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Әсел Ғайнединова - басқа жұмысқа ауысуына байланысты.

Жамбыл облысы бойынша:

· Шу аудандық сотының төрағасы Мар-Лен Тілеубеков - отставкаға шығуына байланысты.

Жетісу облысы бойынша:

· Көксу аудандық сотының төрағасы Гүлжазира Садабаева - отставкаға шығуына байланысты.

Қостанай облысы бойынша:

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы Ибрагим Дезиев - өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды;

· Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Абай Раисов - отставкаға шығуына байланысты;

· Қостанай қаласының №2 сотының судьясы Нұрлан Бекішев - отставкаға шығуына байланысты;

· Қостанай ауданаралық сотының судьясы Серік Айбасов - отставкаға шығуына байланысты;

· Қостанай ауданаралық сотының судьясы Арман Бүркітбаев - отставкаға шығуына байланысты;

· Мендіқара аудандық сотының судьясы Амангелді Ертішпаев - отставкаға шығуына байланысты;

· Рудный қалалық сотының судьясы Гүлсім Иманбаева - өз қалауы бойынша.

Қызылорда облысы бойынша:

· Жалағаш аудандық сотының судьясы Асылхан Мизанбаев - қайтыс болуына байланысты.

Маңғыстау облысы бойынша:

· қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Серікқали Бердібеков - басқа жұмысқа ауысуына байланысты;

· Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Тұрар Алданов - өз қалауы бойынша;

· Мұнайлы аудандық сотының судьясы Қанат Нұрғабылұлы - басқа жұмысқа ауысуына байланысты.

Павлодар облысы бойынша:

· мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың төрағасы Әділет Бақтияров - өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды;

· Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нұржан Омаров - өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды;

· Екібастұз қалалық сотының төрағасы Руслан Сәрсен - өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалдырылды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

· мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Бекбол Баймаханов - соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты;

· Петропавл қаласының №2 сотының төрағасы Ерлан Ибраев - соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты.

Түркістан облысы бойынша:

· Ордабасы аудандық сотының төрағасы Айжан Сатыбалдиева - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Сот жюриінің шешімімен судья өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты;

· Түркістан қаласының ауданаралық сотының судьясы Құралай Садырова - отставкаға шығуына байланысты.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

· Алтай ауданы сотының төрағасы Айнұр Садықова - өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты. Ол осы соттың судьясы қызметінде қалды.

Айта кетейік, бұған дейін Самарқандта Қазақстанның конституциялық сот төрелігіндегі цифрлық тәсілдері таныстырылғанын жазғанбыз.