Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда
Фото: Ақорда

Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.

 Отан ана ескерткіші
Фото: Ақорда
ескерткіш
Фото: Ақорда
әскер
Фото: Ақорда
ескерткіш
Фото: Ақорда
әскер
Фото: Ақорда