Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы SPK Turkistan индустриалды паркіне барды, деп хабарлайды Ақорданың бапасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді
Фото: Ақорда

Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 36,5 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерінің, ауыл шаруашылығы тракторлары, білім мен медицина мекемелеріне арналған жиһаздар, есіктер және өндірістік тоңазытқыштар өндірісі жолға қойылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді
Фото: Ақорда

Өндіріс паркін дамытудың келесі кезеңінде 70 гектар аумаққа 112 ғимарат салу, сондай-ақ жалпы сомасы 39,7 миллиард теңге болатын 13 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов ғарыш саласында, машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібінде қызмет ететін қазақстандық өндірушілердің көрмесімен танысты.

өнеркәсіп көрмесі
Фото: Ақорда

Экспозицияға отандық кәсіпорындар шығаратын автокөліктер, ауыл шаруашылығы техникалары, тұрмыстық техника, медициналық құрылғылар, өндірістік аккумуляторлар, жиһаздар, текстиль, киім және тағы да басқа тауар түрлері қойылған.

көрме
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов отандық кәсіпорындардың өкілдерімен бірге суретке түсті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов отандық кәсіпорындардың өкілдерімен бірге суретке түсті
Фото: Ақорда

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар