Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе бірлескен мәлімдеме қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM - Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында Стратегиялық серіктестік орнату жөніндегі бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Токаев и Кобахидзе приняли совместное заявление об установлении стратегического партнерства
Фото: Ақорда

Екі елдің делегация мүшелері мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Грузия Мәдениет министрлігі арасында мәдениет саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Грузия Экономика және орнықты даму министрлігі арасында туризм саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Грузия Премьер-министрін қарсы алды.