Президент пен Режеп Тайип Ердоған әуежай залында аз-кем әңгімелесті
АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Айта кетейік, Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алған болатын.
Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысатыны хабарланған еді.