Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қазақстандық таланттардың өнерін тамашалады

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге қазақстандық таланттардың өнерін тамашалады, деп хабарлайды БОРТ N1 Телеграм арнасы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге қазақстандық таланттардың өнерін тамашалады
Фото: Ақорда

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге іскерлік бағыттағы бірқатар келіссөзден кейін Димаш Құдайберген, Сүндет Байғожин, Айгүл Қосанова, Әзиза Омарова, Әлішер Кәрімов және белгілі пианист Темірлан Бейсембай (Ratovich) сынды қазақстандық таланттардың өнерін тамашалады" делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бастаған делегацияға Ақордада ұсынылған ас мәзірі туралы жазған едік

Астанада Ташкент Мәдениет күніне арналған іс-шаралар өтіп жатыр. Елорда тұрғындары өзбек халқының мәдени бай мұрасымен танысып, ұлттық тағамдарынан дәм татты.