Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті
АСТАНА. KAZINFORM – Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Емен ағашы екі мемлекет арасындағы өзара құрмет, берік достық және сан қырлы ынтымақтастық символы ретінде отырғызылды.
Айта кетейік, бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин «Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы мен тату көршілігінің жеті негізі туралы» бірлескен мәлімдемеге қол қойды.