Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды
АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысын Сеул әуежайында Премьер-министрдің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.
Айта кетейік, 12 қыркүйек күні Мемлекет басшысы БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды.
Онда Президент Абу Дабидің Тақ мұрагерімен жүздесіп, АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады.
Сондай-ақ Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады.
Мемлекет басшысы «БРИКС плюс» саммитіне қатысты.
Президент Үндістан Премьер-министрін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырып, бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті.