Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды
Фото: Ақорда

Президентке халықаралық әскери-патриоттық жиынға қатысушылардың Dubai SWAT Challenge кедергілер жолағының баламасы ретінде жасалған «Айбын» кедергілер жолағымен жүріп өткен сәті және атыс дайындығын пысықтайтын Action Air дайындық алаңы көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды
Фото: Ақорда

Сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие берудің Aibyn App цифрлық платформасы мен колледж кітапханасы таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды
Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы оқу-зертхана кешенін аралап көрді. Мұнда кадеттер елімізде құрастырылған симуляциялық қондырғыларда жаттығады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық «Арлан» брондалған көлігі және ұшқышсыз авиация технологиялары секілді заманауи әскери техникалардың үлгілері көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды
Фото: Ақорда

Президент әскери колледж бастығы Айбек Ғабдраховқа автобус кілтін тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды
Фото: Ақорда

Қорғаныс министрлігінің кадет корпусы Президенттің 1996 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен құрылған. 2000 жылы оқу орнына қазақ ғалымы және офицері Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. 2020 жылы Кадет корпусының атауы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж болып ауысты