Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты

АСТАНА. KAZINFORM — Президент жүрек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медициналық мекемеге барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Касым-Жомарт Токаев ознакомился с работой аритмологической клиники в Таразе
Фото: Ақорда

Өңірдегі бірегей орталық жүректі радиожиілік пен криоаблация тәсілдерімен емдейді.

Касым-Жомарт Токаев ознакомился с работой аритмологической клиники в Таразе
Фото: Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа клиниканың кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек, соның ішінде жоғары технологиялық араласу арқылы дәрігерлік жәрдемнің толық спектрін көрсете алатыны жөнінде баяндалды.

Мекеме бір ауысымда 150 адамға дейін қабылдай алады. Сондай-ақ 47 орындық стационар бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Орталыққа құйылған жалпы инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгені құрады.

Касым-Жомарт Токаев ознакомился с работой аритмологической клиники в Таразе
Фото: Ақорда

Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты.

Сонымен қатар Жамбыл облысының бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар