Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Лаос Президентін қарсы алды
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге ресми сапармен келген Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулитті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Тәуелсіздік сарайына келген мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай сап түзеген Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.
Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лаос Президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.
Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң Мемлекет басшылары Құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.
Қазіргі уақытта Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит шағым құрамда келіссөз жүргізіп жатыр.