Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Драупади Мурмуды Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Үндістанның елеулі экономикалық жетістіктерін, әлемдегі бейбітшілікті нығайту және орнықты даму ісіндегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара қолдауға негізделген ұзақмерзімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмудың барлық бастамаларына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Пәкістан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдағанын жазған едік.