Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанмен кездесуге келді
БУДАПЕШТ. KAZINFORM - Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Виктор Орбанмен кездесуге келгенін мәлімдеді.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанмен кездесу өткізу үшін Мажарстан Премьер-министрінің кеңсесі орналасқан ғимаратқа келді», — деп жазды ресми ақпарат көзі.
Айта кетейік, кеше Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен барған болатын.
Президент Мажарстанда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен жүздесті.