Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Батыс
Фото: Видеодан кадр/Ақорданың баспасөз қызметі

Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді.

Бұған дейін БҚО-да су басқан аумақтардан 6 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты күрделі жағдай туындаған жерлерге гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар