Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары басталды
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
— Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алды. Қазақстан Президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді, — делінген хабарламада.
Ресми сапар барысында Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы геосаяси жоба немесе әскери ұйым емес екенін Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістанда өтіп жатқан бейресми саммитінде мәлімдеді.
Алдағы уақытта Түркі мемлекеттерінің ортақ картасы жасалатыны хабарланды.