Кәсіпкер 13 мың еуро тұратын телефонынан айрылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде қарақшылар кәсіпкердің 13 еуро тұратын ұялы телефоны мен 120 мың рубль ақшасын тонап кетті, деп хабарлады ресейлік БАҚ.
None
None

Қылмыстық оқиға Покрышкина көшесінде орналасқан үйдегі паркингте болған. Ұрылар кәсіпкерге тапанша кезеп, пәтеріне кірген. Оны қорқытып, 120 мың рубль мен құны €13 мың болатын телефонын тартып алған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге іздеу жарияланған.

Соңғы жаңалықтар