Кәсіпкер әйелдерге бизнесті дамыту жолдары үйретілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Шортанды ауданының Научный к. ЕҚЫҰ қолдауымен «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» ҚБ «Кәсіпкер әйелдер үшін көшбасшылық дағдылары», "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Бәсекеге қалай қабілетті болуға болады», «Қаржылық сауаттылық» тақырыптарында оқыту семинарлары өткізілді, деп хабарлайды.

Кәсіпкер әйелдерге бизнесті дамыту жолдары үйретілді

Семинарға Шортанды, Аршалы, Ақкөл аудандарының, Астана мен Көкшетау қалаларының кәсіпкерлері қатысты.

Жаттықтырушылар болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары,  «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» ҚБ төрағасы, «ASIA» Кәсіпкер  әйелдер бизнес қауымдастығы» ЗТБ президенті Меруерт Қазбекова және Қазақстанның Кәсіпкер  әйелдер одағының атқарушы директоры Гүлнәр Күшмұрзина  болды.

Семинарға қатысушылар әлеуметтік және экономикалық белсенділікті арттыру, қаржы құралдарын және жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы кәсіпкер - әйелдердің ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Шортанды ауданында өткен әйел кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі семинарлар  кәсіпкер әйелдерге проблемаларды айқындау және ақпараттық қолдау көрсету арқылы шағын бизнесті  тиімді әрі сауатты құру мен дамытуда көмек көрсетуге бағытталған.

«Бүгінде қазақстандық әйелдер серпінді дамып келетін экономикада лайық орынға ие болып, бизнесте жоғары позицияларға жетті. Біршама қысқа мерзімде кәсіпкерлер өз кәсіпорындарына табысты қамтамасыз ете алды, оларға тиісті іскерлік әлеует танытты және іскерлік әйел туралы  ескірген түсінікті өзгертті», - деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова.