Кәсіпкердің 15,2 млн. рублін тартып алған қарақшылар алысқа ұзай алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Мәскеуде кәсіпкердің 15 миллион рубльден астам қаржысын тартып алған қылмыскерлер оқиға орнында құрықталды, деп хабарлады жексенбіде РФ ІІМ баспасөз қызметі.
Үш баукеспе тапа тал түсте Минскі көшесінде электршокерді қолданып күзет фирмасының жетекшісінің 15,2 миллион рубль салынған портфелін алып кеткен. Баукеспелер жасырынуға әрекеттенген.
«Сол маңайдан көлікпен өтіп бара жатқан жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері қызмыс жасағандардың бірін қолға түсірді. Одан ұрланған ақша мен травматикалық тапанша алынды», дейді баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі уақытта өзгелері іздестіріліп жатыр.