Кәсіпкердің бір миллион теңгесі қарақшылардың олжасына айналып кете жаздады

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматыда наурыздың 2-сі күні 47 жастағы жеке кәсiпкер қарақшылық шабуылға ұшырап, бір миллион теңгесiнен айырылып қала жаздады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үйге барар жолда қараңғылау бұрыштан күтіп алған белгісіз үшеу оған шабуыл жасап, арматурамен ұрып жығып, ақшасын тартып әкеткен.

«Жәбірленуші басынан ауыр зақым алған, дегенімен шабуыл жасаушылардың түр-тұлғасын байқап қалып, полицияға хабар берген. «Боран-020» шолғыншы экипажы қылмыскерлердi шұғыл iздестiруге кірісіп, олардың бiрiнiң iзiне түскен. Ұсталған адамнан ұрланған ақша мен қылмыстың айғағы - арматура темірі табылған», дейді Алматы қаласы ІІБ шолғыншы полиция командирі Тельман Қамбаров.

Қылмысты ұйымдастырушы Алматыға жұмыс істеуге келген Оңтүстік Қазақстан облысының 24 жасар тұрғыны болып шыққан.

«Қылмыскердің сыбайластары жасырынып қалған, бірақта олардың аты-жөні анықталды. Бұл топтың басқа да қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін», дейді Т.Қамбаров

Соңғы жаңалықтар