Кәсіпкерлер аурухананың материалды-техникалық базасын жаңартуға қолдау көрсетті - ОҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылдың мамыр айында өңір басшысы Шымкент қаласындағы бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралап, жұмысымен танысқан болатын.
None
None

Онда №1 Перинатальды орталықтың материалды-техникалық базасын жаңарту мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтылған еді.

Жоғарыда айтылған мәселелерді жүзеге асыру мақсатында облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының ұйымдастыруымен облыс кәсіпкерлерімен мәжіліс өтті. Жиын барысында денсаулық сақтау нысанының проблемалары айтылып, оның шешу жолдары қарастырылды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде «Мега СМАРТ» ЖШС мен «Шымкент жиһаз фабрикасы» ЖШС, «Нұр Әлем» ЖШС, «Ембавуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі әлеуметтік көмек көрсетуге ниет білдірді.

Бүгінде кәсіпкерлердің есебінен №1 Перинатальды орталыққа наухастар жататын бөлмелерге жеке гигиеналық және өзге де заттар қоюға арналған 120 шкафтар жеткізіліп берілді.

Соңғы жаңалықтар