Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін шенеуніктерге пара беруге мәжбүр - Қаржы полициясы

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін шенеуніктерге пара беруге мәжбүр.
None
None

 Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

Мәселен, оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында Созақ ауданының әкімі Б.Айдарбеков пен Қыземшек ауылдық округінің әкімі Ж.Белхожаев  4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. «Олар ауыл шаруашылығын дамытудың аймақтық инновациялық-инвестициялық бағдарламасы аясында дүкен мен жылыжай салуға жер учаскесін бергендері үшін кәсіпкерден жалпы сомасы 7 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған», - деді ол.

Сонымен қатар Павлодар облысында 7 және 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына Екібастұз қалалық әлеуметтік бағдарламалар және халықты жұмыспен қамту бөлімінің бастығы С.Арыстанов пен осы бөлімнің сектор меңгерушісі  С.Мұстафина сотталды. Олар «К&Компания» ЖШС-не бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз адамдарды жібергені үшін аталған кәсіпорын басшысынан бопсалау жолымен 220 мың теңге пара алған.

Соңғы жаңалықтар