Кәсіпкерлер Ресейден және Беларустан тауарлар әкелген кезінде кедендік жүк декларациясына қатысты шығындарды төлемейді

қпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеден одағы шеңберінде шілденің 1-нен бастап қазақстандық салық төлеушілер Ресейден және Беларустан тауарлар әкелген кезінде кедендік жүк декларациясына қатысты шығындарды төлемейтін болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен дөңгелек үстелде ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2010 жылғы шілденің 1-нен бастап кәсіпкерлер үшін Кеден одағы шеңберінде кедендік рәсімдеулер болмайды. Бұдан бөлек тиісті рәсімдеулер үшін әртүрлі алымдар да алынбайды. Мәселен, қазір кедендік жүк декларациясының негізгі бетінің бағасы - 50 еуро және оған қосымша әр беттің бағасы - 20 еуро. Шілденің 1-нен бастап бизнес бұл шығындарды төлемейтін болады», деді Д. Ерғожин.

Оның сөзіне қарағанда, Кеден одағы аясында жанама салықтарды алу жөніндегі жұмыс Қазақстанның салық қызметінің еншісіне өтеді. «Тиісінше біз қазір комитетішілік қайта құрылымдау шараларын жүргізудеміз. Мамандандырылған бөлімдер құрылатын болады. Олар Кеден одағына қатысты мәслелермен шұғылданады. Қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан мобильді топтар нығайтылады және күшейтіледі. Тиісті салықтар төленбейтін тауарлардың заңсыз әкелуіне тосқауыл қоюлары үшін біз мобильді топтарды күшейтуге тиіспіз», деді ол.

Соңғы жаңалықтар
Референдум