Кәсіпкерлер жер және қала құрылысы кадастарларын біріктіруді ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат -Астана қалалық кәсіпкерлер палатасы жер және қала құрылысы кадастарларын біріктіруді ұсынып отыр, деп хабардайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде мемлекеттік органдарда бөлек-бөлек ақпараттық жүйелердің құрылуы кәсіпкерлерді шығынға батырып келеді. Мәселен, осы салада екі кадастр бар. Ол - жер және қала құрылысы кадастры. Аталған екі кадастардың кейбір тұстары ұқсайды. Дегенмен, бір-біріне алмастыруға әбден болады. Біздіңше, екі кадастры біріктіру керек. Осының арқасында құжаттарды рәсімдеуге кететін кәсіпкерлердің біраз шығындарын қысқартуға мүмкіндік бар», - деді Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының басшысы Ғани Тасмағанбетов бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен селекторлық жиналыста.
Оның айтуынша, Астанада сәулет және қала құрылысы саласына қатысты арыз-шағымдар жыл сайынкөбейіп келеді.