Кәсіпкерлердің мәлімдемелері дәлелсіз емес, нақты фактілерге негізделуі керек ? А.Перуашев

ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Үкімет, Ұлттық банк және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі қаржы бақылау агенттігі тетіктерінің бірі қазақстандықтарға бұрын берілген ипотекалық несиені қайта қаржыландыру.

Кәсіпкерлердің мәлімдемелері дәлелсіз емес, нақты фактілерге негізделуі керек ? А.Перуашев
Жалпы алғанда, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ипотекалық несиеге қатысушыларды қолдау мәселесін шешу үшін үш мерзімде игеру мерзімімен, осы жылғы қаңтарда екінші деңгейдегі 10 банкке салым түрінде 120 млрд. теңге көлемінде қаржы салған болатын. Бүгінде осы банктердің барлығында да қайта қаржыландыруға өтініштер қабылданып жатыр. Егер де, қандай да бір банкте қызметтің осы түрі бойынша Сіздің өтінішіңізді қабылдамаса, онда біз сол банк пен оның қызметкеріне қатысты шара қолдану үшін, сол қызметкердің нақты аты-жөні мен лауазымын айтуға тиістісіздер. Ал, көптеген банктер бізбен жұмыс жасағылары келмейді деген, дәлелсіз айыптауларды айтудың еш қажеті жоқ, - деп мәлімдеді Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауын түсіндіру барысында «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы басқармасының төрағасы Азат Перуашев, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.- Қайта қаржыландыру үшін, банктердің қажетті құжаттар тізімін талап етуі - басқа мәселе. Үкімет бұл мәселені жеңілдетті, ендігі жерде осы мақсат үшін бір өтінішті көрсету жеткілікті. Егер де, осылай бола тұра, Сіздер сарсаңға салушылыққа кезігер болсаңыздар, онда осы фактілер бойынша жазбаша түрде шағым жасаңыздар, - деп қосты ҰЭП төрағасы.Бұдан басқа, А.Перуашев 2009 жылғы сәуірдің 6-сында өткен селекторлық отырыста Үкімет басшысы ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын қараудың қажеттігін атап өтті, қажеттілік бола қалса, осы қаржының қайта қаржыландыруға жұмсалуына жағдай жасайтын түзетулер енгізу керек, деп айтқанын жетісулық кәсіпкерлерге жеткізді. Осы күні Азат Перуашев «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының Алматы облысы бойынша филиалында кадрлық өзгерістер жасады, филиалдың директоры болып бұған дейін «Мұнай-Дос» ЖШС бас директоры қызметін атқарған Алмас Қазанғапов тағайындалды.