Кәсіпкерлердің сенімділік индексі ағымдағы жылдың ақпанында +12 пайызды құрады
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - «Кәсіпкерлердің сенімділік индексі» 2011 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа өсіп, +12 пайызды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.
«Экономикалық ахуал индексі» 2 пайыздық тармаққа өсіп, +15 пайызды, «Сатып алу тілегінің индексі» өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа өсіп, +11 пайызды құрады.