Кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасымен қызмет ететін алғашқы орталық ашылды - ШҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан бизнесмендері бұдан былай «бір терезе» арқылы құзырлы орган өкілдерінен ең қажетті қызмет түрлерін тікелей ала алады. 
None
None

Аймақ басшысы  толық форматтағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен жеке өзі танысты, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы Даниал Аxметовтің тапсырмасы бойынша кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қоры негізінде құрылған орталықта 8 түрлі сервистік қызмет көрсетіледі. Ең бастысы мұнда барлық салалық және мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Олар енді мәселені жылдам шешіп қана қоймай, рұқсат және теxникалық құжаттарды беру ісімен де айналысады. Сондай-ақ, «Бизнес мектебі» мен «Кезекші прокурор» да жұмыс істейді.

- Бизнеске қажеттінің бәрін бір жерге шоғырландырдық. Мұнда жер қатынастары комитетінің өкілдері, су, жылу, кәріз жүйесі, электр энергиясы сияқты инфрақұрылым қызметі өкілдері де жұмыс істейді. Кеден департаменті де бар. Бір күннен кейін салық, әділет басқармалары мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығының мамандары да болады. Ары-бері жүрмей, осы жерден  мәселесін шешіп, сұрақтарына жауап алуға барлық жағдай жасалды, - деді облыс әкімі.

Кездесу барысында аймақтың коммуникациялары мен жер учаскелерінің интерактивті картасы көрсетілді. Дәл осындай орталық Семейде де ашылады. ШҚО кәсіпкерлер палатасы директоры Игорь Шацкийдің айтуынша, оған қажетті ресурстар мен ғимарат дайын.

Соңғы жаңалықтар